«Шәкәрім тұлғасының биіктілігі» атты әдебиет сағаты

05 қыркүйек күні №4 көпшілік кітапханасы техколледждің оқу залында П-111 тобына «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Шәкәрім тұлғасының биіктілігі» атты әдебиет сағатын өткізді.

Шара басында кітапханашы Кусанова Бақтылы Көшербайқызы оқушыларға «Біл ел-бір кітап» акциясының шығу тарихымен таныстырды. Ол біздің елімізде бұл акцияның 2007 жылдан басталғанын және акцияның мақсаты мен міндеттері туралы айтып өтті. Одан әрі жүргізуші «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш кітап таңдап алынды. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынғанын, тарихи тұлғалардың өмір жолдарында құнды мұра қалдырғанын айтып өтті. Соның ішінде Шәкәрім Құдайбердиевке тоқталып, өмірбаяны, шығармалары, өлеңдері туралы баяндап өтті. Шәкәрімнің жас шағында Абай ағасы зеректігін байқап, қамқорлығына алғанын, азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер еткенін. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанғанын, Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өскенін. Ақындық өнерін де таныта бастағанын әңгімелеп айтып берді. Студент Абилова Бекзат «Жастарға» деген өлеңінен үзінді оқыды.

Техколледж кітапхана меңгерушісі Бейсова Гүлбаршын Қапарқызы өз үлестерін қосып, «Шәкәрім шыңы»атты кітап көрмесін ұйымдастырып шолу жасады. Бұл іс-шараның мақсаты – адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдап, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.

Барлығы естелікке суретке түсті. Шараға 30 адам қатысты.

 

Комментарии запрещены.