15 мамыр күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында № 1 ЖОББМ-нің 7 сынып оқушыларына Халықаралық темекіден бас тарту күніне орай «Темекіге қарсы күрес» ақпарат сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.Шара барысында «Темекіге қарсымыз» әңгіме; денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдің жалғасын табу; «Шешуін кім табады!» жұмбақтар шешу; Темекіге байланысты жағдаяттан шығу тапсырмалар; «Денсаулық» сөзжұмбақ шешу; «Темекінің зияны», «Электронды темекінің зияны» бейнебаяндары көрсетілді. Шара соңында «Темекіге қарсы күрес» кітап көрмесі ұсынылды.