«Ұлы даланың дүбірі – домбыраның күмбірі»

15.05.2023 №43 мектептің 8-сынып оқушылары көрнекті сазгер Құрманғазы Сағырбаевтың өмірі мен шығармашылығымен «Ұлы даланың дүбірі – домбыраның күмбірі» атты музыкалық қонақжайында танысты. Халық күйшісі және сазгер Құрманғазы Сағырбайұлы қазақтың музыка мәдениетінің дамуына зор ықпал етті. Балалар Құрманғазының белгілі «Сарыарқа», «Адай», «Кішкентай» күйлерін тыңдады, №34 мектептің 7-сынып оқушысы Головчук Вера «Балбырауын» күйін домбырамен орындады. Шараға «Халық композиторы» викторинасы дайындалып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Комментарии запрещены.