«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым»

2021 жылдың 9 желтоқсанында №4 көпшілік кітапхана қызметкерлері №18 ЖОББМ кітапханашысы Гүлбарам Кожаровна Беисовамен бірлесіп мектеп кітапханасында 7 сынып оқушыларына арнап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты ақпарат күнін өткізді.

Мақсаты: патриоттық сезім тәрбиелеу, Отанға, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу; түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынас тәрбиелеу.

Жүргізуші Аликенова Әлия Ермекқызы алғы сөзінде Тәуелсіздік тарихы туралы айта кетті. Шара барысында жүргізуші Каирбек Айдана Қалаубекқызы «Мен үшін Тәуелсіздік деген не?» атты викторина мен ойындар өткізді. Ойынға 4 команда қатысты. Бірінші турда оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді. Екінші турда сызба бойынша оқушылар сөздерді байланыстырып, дұрыс жауаптарын тапты. Үшінші турда оқушылар ел тарихы туралы білімдерін сынады. Оқушылар ойынға белсене қатысып, түрлі сұрақтар қойып, ойыннан алған әсерлерімен бөлісті. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.

Шараға 25 адам қатысты.

Комментарии запрещены.