«Кемеңгер Елбасы»

01.12.2021 ж. Орталық қалалық кітапхананың Олжас Сүлейменов атындағы оқу залында  1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған «Кемеңгер Елбасы» атты тарихи сағат болып өтті.

Аталмыш шараға Павлодар педагогикалық университетінің Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхананың директоры Игібаева Роза Ержанқызы, «Сағым жылдар» ансамблінің мүшелері, Павлодар қаласының көркемсурет колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Нургазинова Дина Ерғанатқызы және студенттер қауымы қатысты.

Мерекелік шара Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Маралбаев Руслан Геннадиевичтің сөзімен басталды. Кітапхана басшысы келген қонақтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, өз жылы лебізін білдірді.

Одан кейінгі сөзді Павлодар педагогикалық университетінің Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасының директоры Игібаева Роза Ержанқызы жалғастырып, Елбасымен болған кездесулері, сондай-ақ қазақ елінің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстары мен жетістіктері жайлы қызықты етіп әңгімелеп берді.

Шара барысында кітапхана қызметкерлерінің әзірлеген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен болашақты болжағыш кемеңгерлік саясатының айқын жемісі жайлы «Елбасы — ерен көшбасшы» атты бейнеролик пен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Өмірбаян» кітабы бойынша буктрейлер көрсетілді.

Тарихи сағаттың көркін «Сағым жылдар» ансамблі мүшелерінің орындауындағы «Туған жер», «Сағым жылдар» әндері аша түсті. Шараның жиынға келген жас ұрпақ үшін маңызы зор болды. Соңында барша жиналған қауым естелік суретке түсті.

Комментарии запрещены.