«Тәуелсіздік — Тәңірдің сыйы»

16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні. Соған орай біздің кітапханамызда «Тәуелсіздік — Тәңірдің сыйы» атты тарихы калейдоскоп өткізілді. Іс-шараға № 25 ЖОББ мектебінің 6 сынып оқушылары белсенді қатысты. Тәуелсіздік күні енді мемлекеттік мереке және тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық  батырларымызға тағзым күні ретінде аталып өтеді. Балалар 1986 жылы желтоқсан айында Алматы қаласының Орталық алаңында қаза тапқан, қуғынға ұшыраған азаматтар жайлы ақпарат естіп, елге танымал жазушы Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан эпопеясы» атты жаңа кітабымен танысты.

Бүкіл өмірін халық бостандығы жолындағы күреске арнаған халық қаһармандарының рухына тағзым ету – біздің қасиетті борышымыз. Олардың Отанға деген риясыз сүйіспеншілігі бүгінгі және болашақ ұрпаққа үлгі.

 

Комментарии запрещены.