«Тәуелсіздік – халықтың басты жетістігі»

14.12.2023 ж. Орталық қалалық кітапханасында  Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – халықтың басты жетістігі» атты тақырыптық кеш өтті. Шараға 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының қатысушылары қаланың 2-шағын ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Садвақасов Қаратай Аманжолұлы, зейнеткер Ахметова Жұмагүл Қамалқызы,  Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркем сурет музейінің экскурсоводы Қайдар Дилара және «Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялыққұтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері қатысты. Шара барысында Тәуелсіздіктің бастауы желтоқсан айындағы оқиғалармен тікелей байланысты екенін айтып, Тәуелсіздік үшін күрескен, оқиғаның куәгерлері қайғылы естеліктерімен бөлісіп, желтоқсан оқиғасының құрбандарын жайлы айтты. Мұсахан Қанапьянов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің  студенттері Шакенова Асем, Ризабек Ұлтуған Ляззат Асанованың монологын оқыды, Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беру мектебінің 8- сынып оқушысы Ибрагим Мөлдір «Тәуелсіздік тірегім» атты өлеңің оқыды, сонымен қатар тақырып бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.