«Тарих белестері»

31 мамыр күні Ленинский кентінің №3 көпшілік кітапханасында «Тарих белестері» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шара саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған. Дөңгелек үстел отырысы пікір алмасудан тұрды, қатысушылар ел тарихындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шара Ленин кентінің Ардагерлер Кеңесі мүшелерінің, қалалық маслихат депутатының, кент тұрғындарының қатысуымен өтті. 20-50 жылдардағы қуғын-сүргін кезеңі, халықтарды депортациялау және арнайы қоныс аударушылар туралы талқыланды. Медова Лидия Усмановна ингуш халқының депортациясы туралы айтып, балалық шақ туралы естеліктерімен бөлісті. Дөңгелек үстел аясында кітапханада тақырып бойынша ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалды. Іс-шара қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мемориалына гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.

Комментарии запрещены.