«Балалық шақтың шуақты әлемі»

01 маусым 2023 жылы Орталық қалалық кітапханасының кітапханашылары Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақтың шуақты әлемі» атты №27 балабақшасының қазақ және орыс топтарында интелектуалды ойындар өткізді.
Ойынның мақсаты – Балаларға ойын ойнату арқылы жағымды ахуал орнату, бір – біріне көмек алу және көмек беру тәсілдерін меңгерту, өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалауға және өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге, бір-бірін терең түсінуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойынның негізгі бөлімінде сурет салуға байланысты «Бақытты балалық шақ», «Ертегі кейіпкерлерін табу» және спорттық ойындардың бірнеше түрлерін ойнату мен қатар, алаңдағы басқа топ балаларымен «Сәнқойлар» ойындары арқылы бүлдіршіндерге жақсы көңіл – күй сыйлап, ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.

 

Комментарии запрещены.