«Тағдыр сызығы»

27 наурыз күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы балалар кітабының апталығы шеңберінде № 27 ЖОББМ- ның 4 сынып оқушыларына ақын Ж. Кәрбозиннің 90 жылдығына орай «Тағдыр сызығы» атты әдеби монтажы өткізілді. Шараның мақсаты: ақынның өмірі мен шығармаларын насихаттау. Бағдарламада: Ақынның өмірі мен шығармашылығы – әңгіме; «Алша» әңгімесі бойынша қуыршақ қойылымы; «Жалғасын тап!» мақал-мәтелдер жалғастыру; «Артық сөзді тап» сөзді табу; «Кодталған сөз» ойыны; «Жиырма тиын» әңгімесін талдау; «Ж. Кәрібозин өлеңдері» әдеби монтаж.

Комментарии запрещены.