«Ақсақалдың батасы»

27 наурызда «Балалар кітабы және музыкасы апталығы» аясында қазақтың ақыны, жазушы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай N2 орта мектептің 4-сынып оқушыларына «Ақсақалдың батасы» атты әдеби киіз үй өткізілді. Кітапханашылар атақты жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығы туралы айтты, балалар оның өлеңдерін, мысалдарын, мақал-мәтелдерін, жанылтпаштарын, қанатты сөздерін оқыды, жұмбақтарын шешті, ақынның сөзіне жазылған әйгілі «Маралдым» әнін шырқады. Сонымен қатар «М.Әлімбаев: Өлеңдерімді балаларға сыйлаймын», «Маралдым» атты слайдтар көрсетілді. Кітапханашылар балаларды М.Әлімбаевтың кітаптарымен таныстырды.

Комментарии запрещены.