«Табиғатты аялау — әр азаматтың борышы»

9 маусым күні Кенжекол аулының көпшілік кітапханасында 5 маусым — Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Табиғатты аялау — әр азаматтың борышы» атты тақырыптық сағат өтті. Мақсаты: табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты аялауға, оны қорғауға деген азаматтық көзқарасты дамыту. Шара барысында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, экологиялық мәселелердің алдын алу туралы ақпарат беріліп, табиғатты сақтау жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқырмандар табиғат туралы мақал-мәтелдер айтып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында табиғат тақырыбына қатысты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Комментарии запрещены.