«Шығармашылық әлеміне саяхат»

«Кешкі кітапхана» жобасы аясында кітапхананың жайлы оқу залында «Шығармашылық әлеміне саяхат» атты шығармашылық кездесу өтті. Бұл шара өнер мен шабыттың нағыз мерекесіне айналып, қонақтар музыка, сөз және шығармашылық жаңалықтар әлеміне бойлады. Кештің ерекше сәнін Ақсу қаласының «Родные напевы» халықтық орыс әні хоры келтірді. Олардың шынайы орындауы мен жүрекке жақын әуендері залды жылулық пен қуанышқа бөлеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. «Кешкі кітапхана» тағы да кітаптың, музыканың және шығармашылықтың адамдарды біріктіріп, жаңа әсер сыйлап, өз шығармашылық ізденістеріне шабыт беретінін дәлелдеді.

Комментарии запрещены.