«Сырғалым» жобасы

11 наурызда №3 көпшілік кітапханада «Сырғалым» жобасы аясында Ленинский кентінің тұрғыны Шандыбасов Салават Молдыбайұлымен жасөспірімдердің кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты: белсенді азаматты тәрбиелеу, жас ұрпақты жеке тұлға негізінде еңбекке баулу. Кітапхана қонағы балаларға өзі туралы, кәсіпкерлік қызметін дамытудың бастауын, бизнесті мемлекеттік қолдау мүмкіндігі туралы айтып берді. Оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, С.М. Шандыбасов әр адамның табысты дамуының басты қасиеттері — еңбекқорлық, оқуға және жетістікке жетуге деген үнемі ұмтылыс екенін атап өтті. Іс-шараға №33 орта мектеп оқушылары, 15 адам қатысты.

Комментарии запрещены.