«Шерше ля фам»

9 наурыз күні Д. Әбілев атындағы кітапханасында «Кешкі кітапхана» «Замандас-Павлодар» қоғамдық қорының ардагерлерімен Халықаралық әйелдер күніне арналған «Шерше ля фам» әдеби квесті өтті. Француз тілінен алынған cherchez la femme қанатты сөзі «әйелді іздеңіз» дегенді білдіреді және болып жатқан оқиғаларды түсіндіру мен айқындаудың кілті әйелдің болуы және оның әсері болған жағдайларда қолданылады. Іс-шара барысында қатысушылар әйелдердің портреттерін қарап, әйгілі әйел жазушылардың жасырылған есімдерін тапты, олардың көркем шығармаларын, әдеби кейіпкерлердің есімдерін атады, өлеңдерден, фразеологиялық тіркестерден және мақал-мәтелдерден белгілі жолдарды еске түсірді, караокеден шырқалған әндердің әйел-орындаушыларын тапты.
Іс – шара бейресми жағдайда өтті – шай ішіліп — ашық және жағымды ортада байланыс жасалды. Шай ішу кезінде аға буынға көптеген жылы сөздер мен тілектер айтылды. Аға буын – бұл біздің еліміздің алтын қоры, оның ең керемет дәстүрлерін сақтаушылар, патриотизмнің, рух күшінің, табандылықтың және өз ісіне адалдықтың лайықты үлгісі. Шара қатысушылары шай ішіп, естеліктерімен бөлісті, сүйікті әндерін шырқады. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға гүл шоқтары табыс етіліп, құттықтау тілектер айтылды.

Комментарии запрещены.