Кітапхана оқырмандарына «Спортқа жол!» атты спорт сағаты өткізілді. Балалар спорттың денсаулықты нығайтып, сергек әрі белсенді болуға көмектесетінін білді. Спорт және танымал спортшылар туралы кітаптар, энциклопедиялар, журналдар қойылған «Кітап, спорт және мен – доспыз!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар «Барлығы спорт туралы» викторинасында білімдерін сынап, көңілді сайыстарда күштілігін, ептілігін және мергендігін көрсетті. Іс-шара әрі қарай таза ауада жалғасып, балалар қызығушылықпен қимылды ойындар ойнап, сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге бөленді!

















