«Спорт — салауатты өмірдің кепілі»

18 тамыз күні — кітапханашылар Спорт күніне арналған «Спорт — салауатты өмірдің кепілі» атты спорттық викторина өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт түрлері туралы білімдерін кеңейту және белсенді өмір салтына баулу. Викторина барысында қатысушыларға спорттың әртүрлі түрлері, танымал спортшылар, Олимпиада ойындары мен спорттық жетістіктерге қатысты қызықты сұрақтар қойылды. Қатысушылар кітап көрмесімен танысып, ойындар ойнап, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті.

 

 

Комментарии запрещены.