«Соқпақбаев шығармаларындағы балалақ шақ әлемі»

27 наурыз күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар  кітапханасының қызметкерлері көктемгі демалыс күндері  «Балалар кітабы апталығы» аясында Рафика Нұртазина атындағы ЖОББМ, № 27 ЖОББМ   және Малайсары батыр атындағы ЖОББ мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына «Бір ел — бір кітап» акциясына орайластырылған  «Соқпақбаев шығармаларындағы балалақ шақ әлемі» әдеби сағатын өткізді. Іс-шараның барысында қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы, оның шығармалары туралы әңгімеленді. «Бердібек Соқпақбаев — дарынды қаламгер» бейнеролигі қөрсетіліп, «Менің атым Қожа» атты фильмінен үзінді көрсетіліп, «Балдаурен жыршысы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханашы барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, Б.Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға шақырды.

Комментарии запрещены.