Сиқырлы ойынмекені «Жаңа жылдық оқиғалар»

Сиқырлы ойынмекені «Жаңа жылдық оқиғалар»

 Жас оқырмандар мен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқырмандарға арналған іс-шара №10 кітапханалық коворкингте өтті. Іс – шараны жүргізген кітапхана қызметкерлері : Абрамова И.В. және Пихлих Н.И. , музыкалық сүйемелдеуге жауапты болған Магмурова Т.Т..

Балалар кітапханаға  кірген кезде алғаш көрген нәрсе: әсем ойыншықтар, өте әдемі безендірілген шынайы шырша болды. Ұйымдастырушылар  балалар мен ересектердің сүйікті мерекесі «Жаңа жылмен» жиналған оқырмандарды құттықтады. Оларға денсаулық, сабақта жетістік және көңілді демалыс пен көптеген сыйлықтар тілек етті. Мұндай мерекелерді жақсы көрмейтін адам жоқ шығар.

Балаларды таңғажайып оқиғаларға жетелеу үшін , жүргізушілер  оларға қызықты ойын ойнауды ұсынды. Бастапқыда көңілді күймен дауыстап  «Новогодние кричалки-добавлялки»ойынына айғайлады,  сосын «Жаңа жыл жаңалықтары» ойынында шуылдап ойнады. Қандай жаңа жыл тамашасыз өтер дейсіз! Бұл ғажап оқиға орындалды – жүргізушілер Аяз ата мен Ақшақарды шақыруды ұсынды. Нағыз сиқыр осыдан басталды. Жиналған қауым шақыртуынан кейін нағыз Аяз ата мен Ақшақар кіріп келді. Жаңа жыл кейіпін бейнелеген «Жас отан» жастары : Совет Заур және Самекова Русана.

Аяз ата келісімен нағыз көңілді кеш басталды. Ең алдымен балалар «жаңа жыл флешмобын» биледі, содан кейін қол ұстаса шырша айналып «В лесу родилась ёлочка»  және «Маленькой ёлочки » атты ән шырқады.

Сонан соң Аяз ата жаңа жылдық тақпақ айтам деушілерді мұқият тындап шықты. Балалар қазақ тілінде және орыс тілінде айтып берді. Мәнерлеп оқып берген балаларға Аяз ата өзінің қапшығынан тәттілер сыйға тартты. Аяз атаның қапшығындағы тәттілерді  қалалық мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы  Елена Кортина тегін табыстады.

Одан әрі жүргізушілер Аяздың жақсы көретін ойыны «Льдинки» және «Снежинки» ойнауын ұсынды. Ережесі өте оңай – балалар шыршаның айналасында тұрып, әннің ырғағымен кішкентай қаршаларды әр түрлі бағытқа таратып, ән тоқтаған кезде, кімнің қолында қарша қалып қойса сол «мұздайды». Сол адам не ән шырқайды, не болмаса жаңа жыл тақырыбында көрініс орындау керек. Аяз ата разы болды. Ол мұндай әсерлі би көрген емес. Барлығы уақытты шаттықпен өткізді.

Жаңа жылдық мерекенің сонында әр қатысушыға қайырымдылықпен айналысатын Павлодар қаласының «мейірімділер клубы»  мерекелік сыйлықтар  таратты.

Ұзақ уақыт бойы Аяз ата мен Ақшақарды балалар жібермей,  естелікке фотосуретке түсті. Фотосессия ортақ фотосуретпен аяқталды. Осындай керемет әсерлі кеш жас оқырмандарда өткізілді.  28 адам қатысты.

Комментарии запрещены.