«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тарихи сағаты

ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты тарихи сағаты 14 желтоқсан күні № 17 көпшілік кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен №7 ЖОББ мектебінің кітапханасында өтті.  Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Бұл іс-шараға осы мектептің 5-6 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты.

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтертіп, елімізге бақыт әкелген бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке екенін кітапханашы А. Жармағамбетова баяндады. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы және стратегиялық негізгі бағыттары туралы  «Тәуелсіздік таңы» атты видео-сюжеті көрсетілді.

27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп, Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегі туралы  және   тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақтың батыр ұл-қыздары жайлы «Тәуелсіздік: тұлға, тағылым, тағдыр» атты кітап көрмесімен жас оқырмандар танысты.Қатысқандар-18 адам.

Комментарии запрещены.