№43 мектептің 9 сынып оқушыларына павлодарлық танымал суретші Қажыбек Баймолдиннің 80 жылдығына арналған «Шебердің кемпірқосақ түстері» арт-терапиясы өткізілді. Балалар шебердің өмірімен және шығармашылығымен танысты, оның туған өлкенің бейнелеу өнерін дамытуға қосқан зор үлесі туралы білді және оның суреттерін қарап шықты.Туған өлкенің мәдениетін зерттеу жастардың бойында отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін қалыптастырады, сондай-ақ өнер әлеміне қол тигізуге және қоршаған әлемнің сұлулығын көруге мүмкіндік береді.















