«Қазақ прозасының сыршыл суреткері»

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ прозасының сыршыл суреткері» атты әдеби кеш өткізілді. Шараға №25 жалпы орта білім беретін мектептің 10 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның қазақ әдебиетіндегі орны мен көркем туындыларының ерекшелігі туралы баяндады. Оқушыларға әдеби викторина ұйымдастырылып, кітап көрмесіне шолу жасалды. Кештің мақсаты – оқушыларға жазушының шығармашылық мұрасын таныстыру, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық әдебиетімізге деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Комментарии запрещены.