Шабыт бақшасы «Анамыздың бесік жыры»

Шабыт бақшасы «Анамыздың бесік жыры» —   №10 қалалық кітапхананың коворкинг орталығында 8 наурыз Халықаралық аналар мерекесіне шабыт бақшасында ән әуелеп, өлеңдер оқылып, мерекелік сәт орын алды. Шараны қазақ және орыс тілдерінде Н. Пихлик пен Р. Займолда өткізді.

Жүргізушілер бұл күн не себептен аналар мерекесі болып  белгіленгенін айтып өтті. Көктем көркін паш етіп келген әдемі мереке әлемге дабыл қақты. Адамзат әлемнің алғашқы наурыз көктемі – Аналар мерекесімен қуаныш шаттығына бөленеді. Көгілдір көктемнің көңілді ән — күйімен құлпырған табиғаты – бүр жарған гүл бәйшешегі – барлығы-барлығы мейірімді ақ Ананың бір өзіне арналғандай.

Мерекелік шараны «Ладушки» ансамблінің  орындауындағы  бейнеклип «Песня про маму» әнін тыңдаумен  жалғастырды.

Жүргізушілер «Мәселе жоқ» атты көріністі ұсынды. Көбі өз аналарын көргендей болдық деп жатты.

№24 мектептің оқушылары, жетекшілері Марина Петровна Соловьевамен кешімізге қатысып өз шашуларын ұсынды. Қанат Серік пен Абукенов Ерназдың орындауында «Қазақ қызы», Бородохина Дарья, Ананьев Илья, Братмайер Илонаның орындауында: «Весна» әндері  шырқалды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары Вебер Владислав пен Амзеев Тимур, Запороженко Сергейдің орындауында «Мама» әні орындады. Шағын концерттік бағдарламаны музыкалық жетекшілері біріккен хормен айтқызып қолдау көрсетіп демеп отырды.

Оқушылар назарына кітапханашылар көмегімен әр түрлі гүлдердің жасалу жолдары көрсетілді және үйренгісі келген оқушыларға жасалу жолдары түсіндірілді. Мерекелік шараның  соңында әрқайсысы аналарына арнап шоқ гүлдерін жинап, жасап үлгерді. Ана жүрегіне әрдайым қуаныш пен шаттық сыйлау керек дей келе жүргізушілер үнемі жақсы лебіздер айтып жүруге, аналарын құрметтеуге ақыл кеңес берді. Балалардың орындауында «Мама» әні шырқалды.

Шара соңында тәттілер таратылып, шағын сыйлықтар ұсынылып естелік суреттерге түсумен тарасты.Қатысқандар саны: 23 адам.

Комментарии запрещены.