«Сіздер үшін мереке шашулары» ойын бағдарламасы

5Халықаралық әйелдер күні – ақ жаулықты апалар, ардақты аналар, аяулы қыздардың мерекесі.  Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.

Осыған орай  № 8 балалар кітапханасының ұжымы 5  наурыз күні  № 14 ЖОБМ-нің  3 сынып оқушыларына  «Сіздер үшін мереке шашулары» атты байқау-ойын бағдарламасын өткізді. Оқушылар назарына оқу залында «Аналар күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітапханашы  Альмира Кенисхановна Инсебаева оқушылар мен ұстаздарды келе жатқан 8 наурыз мейрамымен құттықтап, игі тілек білдірді.Оқушылар осы мереке туралы шағын ақпаратқа ие болды: мерекенің шығу тарихы, Клара Цеткин атты батыр қыз және біздің елде әйелдерге көптеген жағдайлар жасалатыны  туралы білді. Мерекелік шара барысында көптеген ойын, сайыс, сұрақ-жауаптар өткізілді. Қыздар «сән үлгісіне» қатысып, әдемі сәнді киімдерді киіп шықты. Ұлдар өз білімдерін «әйел қол сөмкесін» жинау  сайысында көрсетті.

Шараның аяғында «Аналар күні!» атты кітап көрмесі бойынша шолу өткізіліп, естелік ретінде суретке түсті. Жалпы шара өте қызықты және танымды өтті.

Комментарии запрещены.