«Сәулелі жырдың иесі»

13 қазан күні № 2 балалар кітапханасында ақын, педагог, публицист, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Сәулелі жырдың иесі» атты поэзия сағаты өткізілді. Іс-шараға М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің 9 сынып оқушылары қатысты. Кеш барысында олар кітапханашылар дайындаған көлемді кітап көрмесімен тынысты. Кітапханамыздың белсенді оқырманы, ардагер-педагог Матяш Валентина Ивановна ақынның шығармашылығы жайлы балаларға қызықты да пайдалы ақпарат айтып берді. Осы мектептің 9 «Б» сынып оқушысы, «Мағжан оқулары» атты қалалық шығармашылық сайысының жеңімпаз жүлдегері Семенов Никита ақынның өлеңдерін қазақ тілінде оқыды.

 

Комментарии запрещены.