«Басты мұратымыз ынтымақ пен бірлік»

16.10.23 ж. Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері «Павлодар жоғары Басқару колледжі» ҚБ ЖМ «Цифрлық техника» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған Рухани келісім күніне орай «Басты мұратымыз ынтымақ пен бірлік» атты кездесу өткізді. Кездесуге Павлодар облысындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі ҚБ төрағасының орынбасары Алина Александровна Жабко шақырылды. Іс-шарада тарихи тұрғыда тату көршілік, достық қарым-қатынаста өмір сүріп жатқан жүзден астам ұлт пен этносты біріктірген Қазақстан халқының татулығы туралы айтылды. Осындай бірегей қазақстандық тәжірибеде, Қазақстанның 20 жылға жуық уақыт бойы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кездесу және қарым-қатынас орны болып табылды. Көптеген этностардың мәдениеттері мен дәстүрлерінің өзара іс – қимылы, сондай-ақ әртүрлі дін өкілдерін өзара құрметтеу, бұл елдегі рухани келісімді сақтаудың және Қазақстан халқының бірлігін, тұрақтылығын, өркендеуін нығайтудың негізгі жолы екендігі атап өтілді. Сондай-ақ, түрлі ұлттар мен діндер халқының достығын дамытатын және нығайтатын, жастарды бейбітшілік пен келісім жолымен жетелейтін Қазақстан халықтары Ассамблеясы туралы ақпараттармен хабардар етті. «Рухани келісім» тақырыбына байланысты таңдалған әдебиеттермен кітап сөресі ұсынылды.

Комментарии запрещены.