Сапарғали Ысқақұлы Бегалин — ақын, жазушы

View this post on Instagram

# 3 Көпшілік кітапханасы қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы — Бегалин Сапарғали Ысқақұлының 125 жылдығына шолу жасады. Сапарғали Ысқақұлы Бегалин — ақын, жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Ол 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында ШҚО Абай ауданы Дегелең ауылында дүниеге келген. Əдеби қызметін ақын ретінде бастаған. "Қазақ бозбалаларына" атты алғашқы өлеңі "Айқап" журналында жарық көрген. "Қыран кегі", "Цимлян теңізі", "Сырлы қайнар" және тағы да басқа лирикалық поэмалары мен өлеңдерінде мемлекеттегі өзгерістер мен туған өлкенің сұлулығын жырлаған. Оның балаларға арналған "Ермектің алмасы", "Сәтжан", "Жас бұтақ" "Жеткіншектер", "Мектеп түлектері", "Шоқан асулары" және т.б. әңгімелері мен повестері бар. Сапарғали Бегалин қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен айналысып, Иса Байзақов, Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Төлеу Көбдіков сынды атақты қазақ ақындарының туындыларын жариялап, баспа бетіне шығаруға елеулі үлес қосқан. Сонымен қатар, Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы монография жазған. Ақынның өлеңдеріне 50 шақты ән жазылған "Қаракөз", "Көктем", "Бесік жыры", "Ақ көгершін", "Пионер әні", "Сағындым сені, сәулем-ай", т.б. Сапарғали Бегалин Пушкин, Лермонтов, Шевченконың өлеңдерін қазақ тіліне аударған.

A post shared by Массовая библиотека #3 (@bibl3len) on

Комментарии запрещены.