«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»

           16 сәуір күні  №10 қалалық кітапхананың коворкинг орталығында 15 сәуір ғашықтар күніне орай «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»  атты оқырманға тарту болып өтті. Жүргізуші  — кітапханашы :   Р. Займолда

Жалпы Қазақстанда ғана емес, өзге елдерде де бұл мереке жылдың бір күнінде аталып өтіп жатады. Елімізде бұл бастама 1999 жылы көтерілген болатын. Десе де соңғы жылдары ғана жастар арасында танымалдылыққа ие болуда. Ұлттық нақышты оюландыра әртүрлі эмблемалар, ашық хаттар жасалынып әртүрлі деңгейде құттықтаулар түсіп жатқаны баршаға аян. Қазақ халқының танымында көктем мезгілінің кереметі жоғары. Бұл бастаманы қолдаушылардың бірі Серік Абас-Шах айтпақшы, «көктем – күллі адамзат үшін сезімнің, шуақтың, шабыттың, яғни махаббаттың синонимі секілді». Ал сәуірде атап өтілуінің себебі, бұл айда бірде-бір елеулі мереке жоқ (ғарышкерлер күні бүкілхалықтық сипатта тойланып жүрген жоқ).

Сонымен қатар қос ғашықтың қайғылы махаббатына арнап тұрғызылған мазар Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жердегі Аягөз өзенінің бойында орналасқандығы, оны тамашалауға қаншама адамдар баратындығы жайында айтылып өтті. Бұл мазар кәзіргі қасиетті, яғни  сакралды орындарға енгені жайлы мәлімет берілді.   Кітапхана қорынан алынған кітаптардан көрме ұйымдастырылып назарларына ұсынылды.

Шара соңында бұл мерекені дәстүрлі түрде атап өтуге бел байласқан оқушылар ортақ суреттке түсіп, кейбіреуі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» фильмін тамашалауды жалғастырды.

Кітап көрмесі — әдебиетті қару 12 кітап

Музыкалық безендіру — «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мультфильмі, «Қыз Жібек» фильмінен үзінділер

Қатысушылар — тұрақты оқырмандар

Қатысушылардын саны — 15 адам 

Комментарии запрещены.