«Газет – бір күндік, сөзі – жүз жылдық»

16 сәуір күні сағат 15.00-де № 17 көпшілік кітапхансының оқу залында Ертістің Павлодар өңіріндегі қазақ баспасөзінің қара шаңырағы –  облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдығына арналған «Газет  – бір күндік, сөзі – жүз жылдық» атты ақпарат сағаты өтті. Өлкеміздің сүйікті ақыны Мұзафар Әлімбаевтің «Ұдайы ойлантады жұрттың қамын..» атты өлеңімен кешіміздің пердесін ашқан кітапханамыздың белсенді оқырманы, №19 мектептің 3-сынып оқушысы Айтжанов Әділет – биыл 90 жылдығын тойлап отырған «Сарыарқа самалы»-ның ұжымына арнады. Шараға  Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ақын-айтыскер, журналист Шолпан Байғалы,тіл және дін жанашыры Ульян Мақұлұлы, «Сарыарқа самалы» газетінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім меңгерушісі Нұржайна Шодыр, журналисті Тілеуберді Сахаба, Б. Ахметов атындағы педагогикалық коледжінің студенттері, кітапхана қызметкерлері мен қаламыздың зиялы қауымы қатысты. Ақпарат күні 4 бөлімге бөлініді:

1) Кітап көрмесі: «Газет – қоғамның темірқазығы»

2) Арт-кездесу: «Ертіс өңірінің тілшілері»

3) Слайд-презентация: «Аймақ өңірінің айнасы»

4) Блиц-викторина: «Сарыақа самалының» тарихынан

Сонымен қатар кешімізге арнап дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының 4 сынып оқушысы Алпысбай Айдария қобызбен «Жез киік» күйін орындады, ал №19 мектептің 3-сынып оқушысы Айтжанов Әділет жергілікті ақындарымыздың өлеңдерін оқыды. Шара соңында «Сарыарқа самалы» газетінің қонақтары мен белсенді қатысқан оқырмандарға кітапхана ұжымы атынан кішігірім сыйлықтар берілді.

Қатысқандар саны – 50 адам.

 

Комментарии запрещены.