«Қорықтар бойынша саяхат»

23 қаңтар күні «Кешкі кітапхана жобасы аясында Мүбәрак Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында №36 ЖОББМ 6 «г» сынып оқушылары үшін дүниежүзілік қорықтар күніне орайластырылған «Қорықтар бойынша саяхат» танымдық сағаты өткізілді. Кітапханашы кітапханаға экскурсия жүргізіп, абонемент пен коворкинг-аймақтың тұрақты жұмыс істейтін көрмелерімен таныстырды; бізді әдемі және таңғажайып әлем қоршап тұрғаны туралы, оны қорғай керектігін айтты. Жер бетінде қорықтар деп аталатын мемлекет ерекше қорғайтын орындар бар. Әрі қарай бағдарламада: «Қорық» мультфильмін көру және талқылау; «Қазақстан қорықтары» слайд-презентациясы аясында Қазақстанның қорықтары мен ұлттық парктері туралы әңгіме; «Мектеп» және «Әуенді тап» онлайн-конкурстары.

Комментарии запрещены.