«Кешкі кітапхана»

24.01.2024 ж. Орталық қалалық кітапханада «Кешкі кітапхана» жоба аясында академик, және қоғам қайраткері, пайдалы қазбалар құпиясын ашқан әйгілі геолог Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай фильм көрсетілді. Фильмде көп ғасыр тарихы бар қазақтардың арасында тұңғыш геолог атанған Қаныш Сәтбаев Жезқазған және Қарсақбай ауданындағы басқа да пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясын зерттеу мен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуі, оның жетекшілігімен бұрғылау мастерлері, сызба сызушылар, прорабтар және басқа да кадрлардың қалыптасуына өте үлкен үлес қосқаны, геологиядан басқа ғылымдарда да, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол екендігі баяндалған. Сонымен қатар, фильмді тамашалауға келген «Ұзақ өмір сүру орталығы» мен Жасөспірімдер үйінің мүшелеріне алдымен кітапханаға саяхат жасалып, фильм соңында викториналық сұрақтар қойылды.

Комментарии запрещены.