Қазанның 20 күні «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында № 4 балалар кітапханасы мен № 2 орта мектептің кітапханашылары 7 сынып оқушыларына ақын, жазушы, лингвист, түркітанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Қазақ жерінің мақтанышы» атты портрет-кешін өткізді. Іс-шараға кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашылар А.Байтұрсынұлының көп қырлы тұлғасы туралы айтып берді. Балалар ол туралы лингвист, ғалым, саясаткер, музыкант және ақын ретінде білді. Олар ақынның «Оқуға шақыру», «Достыма хат», «Жұртыма», «Анама хат» өлеңдерін, «Шалмен жұмыскер» мысалын оқыды, «Ұлт ұстазы» слайд-презентациясын тамашалады, А.Байтұрсынұлының сөзіне жазылған «Анама хат» әнін тыңдады. Іс-шара А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы викторинамен аяқталды.