«Гүлдене бер, менің Қазақстаным!»

Республика күнін мерекелеу аясында  «Гүлдене бер,  менің  Қазақстаным!» атты онлайн сурет байқауын өткізу туралы

ереже

 «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ 2022 жылдың 21 қазанынан 24 қазанына дейін Республика күнін мерекелеу аясында «Гүлдене бер,  менің Қазақстаным!» атты қалалық онлайн сурет байқауын ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • өскелең ұрпақ бойында отансүйгіштік сезімі мен мәдениетті қалыптастыру;
  • олардың жеке шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау;
  • туған мемлекеттің тарихын, мәдениетін зерделеуге қызығушылықты дамыту.

 

Байқау шарттары:

— байқау жұмыстары 2022 жылдың 21 қазаннан 24 қазанға дейін қабылданады;

— байқауға 7 жастан 12 жасқа дейінгі Павлодар қаласының тұрғындары онлайн-форматта қатыса алады.

— инстаграм, фейсбук парақшасында суреттерді өз парақшасында  жариялау;

—  #Республикакүні,  #суреттербайқауы2022, #гүлденеберменіңҚазақстаным, #cbs.pvl хэштегімен сурет жариялау;

— суреттерді қарау үшін байқау кезінде парақша ашық болуы керек.

Байқау критерийлері:

-байқау тақырыбына сәйкестігі,

— сурет сапасы

— суреттің көркемдік және өзіндік ерекшелігі.

 Марапаттау:

— марапаттау жас санат бойынша өтеді:

— 7 жастан 12 жасқа дейін

— байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады;

— жеңімпаздар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады.

Ұйымдастырушылар:    

«Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ.

 Байланыс телефондары: 

Гульбану Калымовна Кенесбаева

(7182)  52-68-08; 87054825265

 

Комментарии запрещены.