«Кітапхана – білім ордасы»

1.10.2022 ж. Орталық қалалық кітапхананың Олжас Сүлейменов атындағы оқу залында 24 қазан Кітапханашылар күніне орай «Кітапхана – білім ордасы» атты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік кеште Павлодар қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі басшысының міндетін атқарушы Г.Қ. Балакина мен кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Р. Асылханова құттықтау лебіздерін білдірді. Кітапханашылар күні мерекесіне орай Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Н. Нургамисованың атынан Алғыс хаттармен кітапханалар жүйесінің қызметкерлері марапатталды.
Ресми құттықтаудан кейін концерттік бағдарламалар, кітапхана оқырмандарының атынан құттықтау тілектер жеткізілді. Әріптестерімізді осы мерекемен құттықтай отырып, кәсіби шеберлік пен парасаттылық, еңбектеріңізге шығармашылық тілейміз.

Комментарии запрещены.