«Қазақ жерінің данышпаны»

2022 жылдың 13 қазанында N4 балалар кітапханасының кітапханашылары N2 мектептің кітапханашыларымен бірлесіп 8 «В» сынып оқушыларына қазақ жазушысы, драматург, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай «Қазақ жерінің данышпаны» атты әдеби сағатын өткізді. Кітапханашылар Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып,  «Әуезов асыл мұрасы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Оқушылар ақындар Қ.Аманжолов, М.Шаханов, С.Мәуленовтің М.Әуезовке арналған өлеңдерін оқыды. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша слайд көрсетілді.

Комментарии запрещены.