«Алып тұлға байсалды» сазды ән-кеші

2022 ж. 14.10. ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың, Қазақстан жастар Одағы сыйлығының, Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Нұрғали Нүсіпжановтың 85 жасқа толуына орай Д.Әбілев атындағы көпшілік кітапханада «Алып тұлға байсалды» атты сазды ән-кеші өтті. Кешімізге Торайғыров университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының оқытушысы А.Ж.Бейсенов, «Шаңырақ сазы» халықтық ансамблі орталығының өнерпаздары, қаламыздағы М.Әлімбаев атындағы жалпы білім беру мектебінің оқушылары қатысты. Сазды кешке қатысушылар өнер майталманының шығармашылық жолымен танысып, ол туралы фильм көріп, әндерін тыңдады. Өнер саласына байланысты сұрақтар қойып, ой бөлісті.

Комментарии запрещены.