«Қазақ киносының саңлағы»

07.02.2024 ж. Орталық қалалық кітапхананың кітапханашылары С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 5 сыныбының оқушыларына Театр және кино режиссері, актер, Қазақстанның Халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың туғанына 110 жылдығына орай «Қазақ киносының саңлағы» атты өнер сағатын өткізді.
Өнер сағатында Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы айтылды. Ол бірқатар көрнекті кинокартиналар түсірді, фильмдері кеңінен танымал және жалпыға бірдей сүйікті қазақ киносының дамуына елеулі үлес қосты.
Шәкен Айманов туралы «Қазақстандық кинематогрофтың мэтрі» бейнеролик көрсетілді, «Шәкен Айманов әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды.

Комментарии запрещены.