«Ауған жауынгерлерінің ерлегі»

2024 жылдың 8 ақпанында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 35 жыл толуына орай М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Малайсары батыр атындағы ЖОББ мектебінің 10 сынып оқушылары және Мәшхүр Жүсіп атындағы ЖОББ мектебінің 9 сынып оқушылары үшін «Ауған жауынгерлерінің ерлегі» атты тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараға Ауған соғысының интернационалист-жауынгерлері Зарканов Нұржан Тлегенұлы және Ахметов Нұржан Магауович қатысты. Ауған соғысының ардагерлері Ауғанстандағы әскери қызметі туралы естеліктермен бөлісті және ауған соғысы туралы оқушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап берді. 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шыққан күні ардагерлер үшін тамаша мейрам бола тұра, дәл сол күн осы қасіретті соғыста қаза тапқан интернационал жауынгерлерді еске алу күні де болып табылады. Сондықтан іс-шараға қатысушылар соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Малайсары батыр атындағы мектептің 10 сынып оқушылары Аубакирова Аружан мен Кенжеғали Сембай Бақытбек Смағұлдың «Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер!!!!» атты өлеңін және 7 сынып оқушысы Назар Фариза «Азат елдің Қазақ деген ұлымын!» өлеңдерін оқып берді. Төлеуханова Лазым «Қазақ елі осындай» әнін орындады. Шара барысында Малайсары батыр атындағы мектептің 10 сынып оқушылары алғашқы әскери дайындық сабағында алған дағдыларын іс жүзінде көрсетті. Сонымен қатар «Ауған соғысы» бейнебаян көрсетіліп, «Ауған соғысының ақиқаты» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Мерекенің соңында кітапхана тарапынан ауған соғысы ардагерлеріне алғыс хат және естелік сыйлықтар тарту етілді.

Комментарии запрещены.