«Қазақ фольклорының інжу-маржаны» танымдық сағаты

13 ақпан күні Орталық балалар кітапханасы қызметкерлері №19 ЖОББМ-нің 9-сынып  оқушыларына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қыз Жібек» поэмасына арналған «Қазақ фольклорының інжу-маржаны» атты танымдық сағатын өткізді. Шараның мақсаты: қазақ әдебиеті шығармаларын насихаттау, ұлттық жыр дастандарын жатқа оқитын азамат талантымен таныстыру.

Шара қонағы  Павлодар өңірінде белгілі қоғам қайраткері, абайтанушы,  Абайдың, Шәкәрімнің, Мағжанның, Мәшһүр Жүсіптің, Сұлтанмахмұттың шығармаларын және ауыз-әдебиет үлгілері Қыз Жібек, Қобыланды дастандарын жатқа біліп және насихаттайтын жыршы Даниял Сабырбайұлы Әсенов болды.

«Қыз Жібек» поэмасы – қазақ фольклорының інжу-маржаны. «Қыз Жібек» жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, салт-санасы, елдік, ерлік істері көркем жырланады.  Сөз кезегі танымал жыршы Даниял Әсеновке берілген соң, ағамыз бір сағаттан асатын жырды тоқтамай жанды және түсініктемесімен жатқа оқып берді. Шара соңында мектеп директорының орынбасары қонағымызға алғысын білдіріп, шағын сыйлық сыйлады. Қатысқандар саны – 29 адам.

Комментарии запрещены.