«Крылов мысалдары қай заманда да орынды»  әдеби сағаты

«Крылов мысалдары қай заманда да орынды»  әдеби сағаты

13 ақпан күні №2, №3 балалар кітапханаларының қызметкерлері №4 қосымша мектеп-интернатының 20 тәрбиеленушілеріне орыс жазушысы Иван Андреевич Крыловтың  250-жылдығына арналған «Крылов мысалдары қай заманда да орынды» әдеби сағатын өткізді.

Мақсаты: оқушыларды орыс жазушысы Иван Андреевич Крыловтың шығармаларымен таныстыру, кітаптарын насихаттау.

Кітапханашы –жүргізуші  Райхан Жаужүрекқызы Жәқиянова слайд арқылы балаларды ақынның өмірбаянымен таныстырып өтті.Болашақ мысал жазушы дұрыс білім алуға мүмкіндігі болмаса да, өзіндік ізденіс қабілеттері арқылы, көп кітап оқып өз заманының ең  білімді адамы болды. Француз, неміс, италия тілдерін  жетік меңгерген, скрипкада ойнаған, жақсы сурет салған.

200-ден  астам жыл өтсе де Иван Андреевич Крыловтың мысалдарын балалар да, ересектер де қызығып, сүйсініп оқиды. Қазіргі кезде Крыловтың мысалдары әлемнің 60 тіліне аударылған.

Көрермендерге сұрақ-жауап өткізілді. «Демьянова уха» атты қуыршақ қойылымы көрсетілді. Іс-шараның соңында  Гүлбану Қалымқызы Кеңесбаева әдебиеттік шолу жасады. Балаларға іс-шара өте ұнады.

Комментарии запрещены.