«Қазақ археологиясының атасы»

18.04.24 ж. Көрнекті жерлесіміз, археолог, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, өнертанушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығына орай «Қазақ археологиясының атасы» атты ғылыми кеш өтті. Ауқымды ғылыми шараға ғалымдар өкілдері Павлодар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сүтжанов С. Н., Торайғыров университетінің философия ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор Құдабаев А. Ж., тарих ғылымдарының кандидаты, оқытушы-зерттеуші, Канафин Қ. К., Ә. Марғұлан университеті археологиялық зерттеулер институты Марғұлантану оқу-зерттеу кешенінің жетекшісі Е. Қ Абеуова және «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің, М. Қанапиянов атындағы жоғарғы колледжінің, студенттері шақырылды. Бұл маңызы зор шарада еліміздің тарихы, археологиясы, әдебиеті мен мәдениеті жайлы ой қозғалды. Академик қазақ халқының тарихын, материалдық және рухани мәдениетін ғылыми тұрғыда өте терең зерттеген ғұлама ғалым, оның зерттеулері келешек ұрпаққа баға жетпес құнды мұра. Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімінің І-курс студенттері А. Акишпаева., М. Серікбай Ә. Марғұланның «Дәде Қорқыт» туралы еңбектеріндегі тың-тұжырымдарын баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ кітапхана қорындағы кітаптардан, жергілікті мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалалардан «Ұлы дала дарыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Комментарии запрещены.