«Ағаштар неге ашуланды»

18 сәуір күні «Бір ел – бір кітап» 2024 республикалық акция аясында Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды» атты әңгімесі бойынша Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері дауыстап оқу өткізді. Іс-шараға Малайсары батыр атындағы мектептің 6 сынып оқушылары және № 29 ЖОББ мектебінің 5  сынып оқушылары қатысты.Бердібек Соқпақбаев — өз жүрек қалауымен оқырмандарына шынайы шындықты жеткізе білген жазушыларымыздың бірегейі. Балалар өмірін шынайы сүйіспеншілікпен бейнелейтін хикаялары мен әңгімелерін жас та, қарт та қызыға оқиды десек еш артық айтқандық емес. Бердібек Соқпақбаев кейіпкерлерін қолдан жасамаған. Оның кейіпкерлері — өзі. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала оның өмірбаянымен танысып шығады. Себебі, жазушының балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау етеді. Кітапханашы оқушыларға балалар жазушысы  Б. Соқпақбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айтып өтті.  Балалар «Ағаштар неге ашуланды?» атты әңгімені  кезекпен   дауыстап оқыды, содан кейін   оқыған әңгімелерінің мазмұны бойынша кітапханашының сұрақтарына жауап берді.  Балалар нағыз әдебиеттанушылар ретінде мәтінмен жұмыс істеді. Шара соңында әңгіме бойынша слайд-презентация көрсетіліп,  «Балалар жыршысы» кітап көрмесі және кітаптарға шолу ұсынылды.

Комментарии запрещены.