13 қараша күні с. 12.00 №2 балалар кітапханасында №42 ЖОББМ 4 «А» сыныбының 25 оқушысына арналып Теңге күніне орай «Қаржыгермен кездесу» атты кеш өткізілді.
Кештің қадірлі қонақтары ретінде Қазақстан Ұлттық банкінің Павлодар қаласындағы филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы Тукенов Дихан Маратұлы және осы бөлімнің бас маманы Жолболдинов Есенғали Серікұлы шақырылды.
Дихан Маратұлы балаларға осыдан тура жиырма алты жыл бұрын төл теңгеміз айналысқа түскенін, бұл күн мемлекеттігіміздің мәртебесін тағы бір дәлелдегенін, абыройымыз асқақтап, өзгенің емес, өз ұлттық ақшамызды қолға ұстап, қазақы дүниеміздің қатары қосылып қуанғанымызды қызықты әңгімелеп берді. Әр жылдары теңгеге қандай өзгерістер енгізілгенін айтты. Кездесудің соңында олар оқушыларға сұрақтар қойып, жеңімпаздарға мерейгерлік монеталарды табыс етті. Кітапханаға еліміздің теңгесінің тарихынан мол хабардар ететін, көркем безендірілген кітаптар мен күнтізбелерді сыйға тартты.