«Қарттарым – асыл қазынам»

Бүгін  Орталық қалалық кітапхананың Олжас Сүлейменов атындағы оқу залында 1 қазан — Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік кеш болып өтті.

Оған осы салада көп жылдар еңбек еткен зейнеткерлер және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Айтулы шараға «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының жеке орындаушысы Асем Даутова мен И. Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармонияның және Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының әншісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Бекен Жоламанов қатысып, әсем әнмен кештің көркін келтірді.

Кешті Тыныбаева Қарлығаш Шәріпқызы мен Жұмабекова Айкен Айтмағамбетқызы жүргізді. Мерекелік кеш Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Руслан Маралбаевтың құттықтау тілегімен басталып, одан әрі келген қонақтарға арналып түрлі сайыстар, қызықты ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырылды. Мерекелік кеш қатысушылардың көңілдерінен шығып, келген қонақтар өз ризашылықтарын білдірді.

Кеш соңында музыкалық колледжінің студенттері Тумамбаева Данараның, Серіков Қуаныштың және Алпыс Айбектің орындауларында ән айтылып, күй шертілді.

Комментарии запрещены.