Ғалымбек Жұматов «Антивирус»

Бүгін  Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Орталық қалалық кітапханасының Олжас Сүлейменов атындағы оқу залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,  жазушы Ғалымбек Жұматовтың «Антивирус» әзіл-сықақ туындылар жинағы бойынша қаланың зиялы қауым өкілдерімен  шығармашылық кездесу болып өтті.

Аталмыш шараға Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зәуре Әбусағитқызы, қаланың зиялы қауым өкілдері және кітапхана қызметкерлері, сонымен қатар Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің студенттері, кітапхананың тұрақты оқырмандары да қатысты.

Шараны Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Мейрам Төлегенұлы Нұғыман жүргізді.

Осы айтулы шарада кітап авторына студент жастарымыз бен оқырман қауымы тарапынан да сұрақтар қойылды. Кітапханада өткен ақынмен кездесу сұхбат түрінде ұйымдастырылып, осындай тамаша кездесу қалың қауымға үлкен әсер қалдырды.

Қаламгер Ғалымбек Жұматов орталық қалалық кітапханаға «Антивирус» атты туындылар жинағын тарту етті.

Сондай-ақ кітапхана қорындағы кітаптарынан, жергілікті мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалаларынан «Кітап және қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.