«Поэзия сағаты»

17.05.2023 ж. Орталық қалалық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Құс қанат ғұмыр» клубының қаламгерлерімен «Поэзия сағаты» атты кездесу кеші болып өтті. Поэзия құдіреті мен поэзия әлеміне терең көз сала отырып, қазақ халқының арман- мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегіне жиналған және ақын өлеңдеріне арқау болғаны туралы мағлұматтар бере отырып, өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жас қаламгерлерімізбен ақындарымыздың өлең жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысы мен еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жергілікті жерден шыққан ақындарымызды және ақын өлеңдерімен таныстыру мақсатында өткізілді.
Кездесу кешімізде «Шаңырақ» облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі басшысының мәдени-сауық қызметі жөніндегі орынбасары Оралқанов Айбек Тілеубекұлы мен “Найзатас” журналының шеф – редакторы Еламан Қабділәшім және “Құс қанат ғұмыр” ұйымының төрағасы, ақын – Тәуекелов Нұрсерік қатыса отырып, өздерінің өлеңдері арқылы оқырмандарды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын аша түсті және ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіру, рухани танымын кеңейту барысында ойларымен бөлісті. Кеш мағыналы да, қызықты, пайымды түрде өткізіле келе “Құс қанат ғұмыр» клубының қаламгерлері бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатып, өздерінің туындыларына деген құлшыныстарын арттырып, ақындық қасиеттерін шыңдап, шығармашылық дарындарын ұштап, патриоттық сезімдерін арттыру арқылы бір-бірлерінің ойын толықтырып, сырларымен бөлісті. Сонымен қатар «Ақын адамдардың шаттығы-өлең» атты кітап көрмесіне ұйымдастырылып, көрмеге өлкемізден шыққан жас ақындардың кітаптары мен мерзімді басылымдары қойылды.

Комментарии запрещены.