«Павлодар облысының киелі жерлері» атты танымдық сағаты

15 қаңтар күні №2 балалар кітапханасының қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар облысының 80 жылдығына орай №42 мектептің 5 сынып оқушыларына «Павлодар облысының киелі жерлері» атты танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу, туған жердің тарихына, археологиясына,
этнографиясына қызығушылығын арттыру, өлкетану әдебиетін насихаттау.

Кітапханашы Кеңесбаева Гүлбану Қалымқызы 2018 жылы Павлодар облысының құрылғанына 80 жыл толатынын, соған орай жыл бойы өлкеміздің қалыптасуына арналған көптеген іс-шаралар, оның ішінде кітап көрмелері,  танымдық сағаттар, конференциялар, концерттер, танымал адамдармен кездесулер және басқалар өтетінін айтты.

Балалар
слайд-презентациядан ежелгі және орта ғасырлық қасиетті жерлер туралы көп деректерді білді. Атап айтқанда, Торайғырдың сақ қорғандары (Баянауыл ауданы), Ақбидайық петроглифтары (Екібастұз ауданы); Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесі (Баянауыл ауданы), Ғабдұл- Уахит Тіленшіұлының кесенесі (Шарбақты ауданы), маңызды тарихи оқиғалар болған және белгілі қайраткерлер жерленген орындар: Түгел батыр ескерткіші (Ертіс ауданы), Сұлтанмахмұт Торайғыровтың кесенесі (Баянауыл ауданы); табиғи-ландшафтық нысандар: Қоңыр Әулие үңгірі (Баянауыл ауданы), «Қазқонақ» археологиялық ескерткіші және т. б.

Оқушылар көркем безендірілген кітаптармен қызығушылықпен танысты: қазақ, орыс, ағылшын тілінде жарық көрген «Сарыарқа маржаны: Ертістің Павлодар өңірі» кітабы, Оралбек Қожановтың «Жасыбай тастары» кітабы, Медеу Сәрсекенің «Қаныш елі» кітабы. Іс-шараның танымдық мәні болды әрі қызықты өтті. Оған 50 бала қатысты.

19e39cdd027da654e.th.jpg

Комментарии запрещены.