Ақпарат күні: педагогтарға көмек

16 қаңтарда №3 көпшілік кітапханасы №31 мектепте ақпарат күнін өткізді. Мақсаты:
педагогтарды мерзімді басылымдардағы жаңалықтармен таныстыру. Бұл – тұрақты
болып тұратын шара. Онда өткендегі тілектер ескеріледі. Кітапханашы Асылханова Бактай
Икласовна мұғалімдердің назарына мынадай журналдарды ұсынды: «Мектептегі
сыныптан тыс жұмыстар», «Қызықты психология», «Внеклассная работа в школе», «
Мектептегі технология/ Технология в школе», «Экологическое образование в
Казахстане», «Физкультура и спорт», «Классный час», «Электрондық мектеп»,
«Жазайық та жаттайық / Напиши и выучи», «Начальная военная подготовка» және
мынадай кітаптар: «На пороге школы», «Мектепке дайындық», «Мектепке дейінгі
математика және логика», оларға шолу жасады. Сонымен бірге 2018 жылдың бірінші
жартысында кітапханаға келетін басылымдардың тізімі таныстырылды. Кітапханаға
жаңа оқырмандар жазылды. Мектеп кітапханашысы
Искакова Раушан Кенжебековна ақпарат күнін өткізуге көмек көрсетті. 19 адам қатысты.

MEROPRIYTIY-065.th.jpg MEROPRIYTIY-072.th.jpg MEROPRIYTIY-078.th.jpg

Комментарии запрещены.