Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі

3 мамыр күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында №5 ЖОББМ-ның 3 сынып оқушыларына Отан қорғаушылар күніне орай «Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі»  атты панорама-сабағы өткізілді. Жүргізуші мерекенің тарихы туралы, бұл мереке Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаушылардың патриотизмін, рухының күшін және әскери борышына адалдығын атап көрсететіні туралы айтты. Балалар ҚР Қарулы Күштері туралы бейнеролик көрді. «Домовята» театр шеберханасы «Сарбаз қалада жүр», «Сарбаздың қолында автомат» әскери би әндерін орындады. Іс-шараға қатысушыларға «Оқу қиын, жорықта оңай» танымдық ойыныдары ойнатылды. Оқушылар «Жауға граната лақтыру», «Командаларды мұқият орындау», «Өткел», «Барлаушылар», «Ұшқыштар, жаяу әскер шайқасқа шықты» ойындарында өздерінің күші мен ептілігін көрсетті.

Комментарии запрещены.