«Мақтаныш атағы — Отан қорғаушы»

4 мамыр күні сағат 12.00-де № 3 көпшілік кітапхана қызметкерлері №33 мектеп оқушыларымен 7 мамырда Қазақстанда аталып өтетін Отан қорғаушылар күніне арналған «Мақтаныш атағы — Отан қорғаушы» патриотизм сабағын өткізді. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан армиясы туралы білімді кеңейту және тереңдету, Отанға, оның қорғаушыларына деген сүйіспеншілікті, патриотизм сезімін тәрбиелеу. Балалар мерекенің пайда болу тарихы, қазақстандық армияның құрылуы мен заманауи құрылымы туралы білді.

Комментарии запрещены.